Текст
24.02.2026
ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІРЛІКТЕ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ Жаңа Конституция — дамудың берік негізі. Референдум арқылы халық өз таңдауын жасап, ел болашағына белсенді қатысып отырғанын көрсетті. Кіретін реформалар әділетті қоғам құруға, құқықтарымыз бен бостандықтарымызды қорғауға, мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Әрқайсымыздың дауысымыз — маңызды, әрқайсымыздың қолдауымыз — өзгерістердің жеміс беруіне кепіл. Бірлігіміз бен жауапкершілігіміз арқылы біз Қазақстанды тұрақты, дамыған және гүлденген елге айналдырамыз!
24.02.2026
Мектебіміздің 2–4 сынып оқушылары «Бастау» атты математика олимпиадасының аудандық кезеңіне белсенді қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Олимпиада жас математиктердің қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік берді.
24.02.2026
МИФ (математика, информатика және физика) пәндері декадасы аясында «Математикалық жұмбақтар елі» атты танымдық іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмалар мен қызықты жұмбақтарды шешіп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
24.02.2026
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында педагогтердің «Сұрақ–жауап» форматындағы кездесуі өтті. Тақырыбы: «Конституциялық реформа және педагогтердің құқықтық сауаттылығы». Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы негізгі өзгерістер талқыланып, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі құқықтық сауаттылықтың маңызы атап өтілді. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
24.02.2026
Мектебімізде ОПМ «Быт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Жилкибаев К.К. қатысты. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сталкинг ұғымы, оның белгілері мен жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жеке қауіпсіздік мәселелері қозғалды. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.
24.02.2026
Өнер көрмесі
24.02.2026
Ауғанстандағы соғысқа арналған көрме
24.02.2026
МИФ (математика, информатика, физика) декадасы аясында «Математика ребустарда» атты танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар ребустарды шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, білімдерін шыңдады. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, тапқырлық пен жылдамдықтарын көрсетті. Қызықты тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, математика әлемінің қыр-сырын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
24.02.2026
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою
24.02.2026
2026 жылғы 28 қаңтарда Есіл ауданы мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен “Жарқын болашақ” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілді. Олимпиадаға бес бағыт бойынша Есіл ауданының мектептерінен 28 оқушы қатысты. “Бейнелеушілер бағыты бойынша 12 қатысушы: Қазақ тобында: 1 орын – Байғалым Аяжан, “Қаракөл ауылының ЖББМ” КММ 2 орын – Еримбет Айбану, “Свободный ауылының ЖББМ” КММ Қатысқаны үшін – Додай Назлы “Құмай ауылының ОМ” КММ, Серикболат Айсулу “Қаракөл ауылының ЖББМ” КММ, Нұғман Нұралы “Игілік ауылының НОМ” КММ Өзге ұлт тобында: 2 орын – Губаревич Зинаида, “Орловка ауылының ЖББМ” КММ 3 орын – Килипута Анастасия, “Двуречный ауылының ЖББМ” КММ 3 орын – Городчук Анна, “Ақсай ауылының ЖББМ” КММ 3 орын – Горбань София, “Есіл қаласының №1 ЖББМ” КММ 3 орын – Головко Анна, “Свободный ауылының ЖББМ” КММ Қатысқаны үшін – Сежченко Ксения “Интернациональный ауылының ЖББМ” КММ, Бабученко Вячеслав “Курский ауылының ЖББМ” КММ.